Іс-шаралар күнтізбесі

Флоренцияның реставрациялық орталығындағы тағылымнама

08.03.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Ғани Омаров, профессор Досбол Байгунаков, белгілі реставратор Қырым Алтынбеков және аға оқытушы Самат Сапатаев Италияның Флоренция қаласындағы 1588 жылдан бері жұмыс істейтін "Opificio delle pietre dure" реставрациялық орталығында 25 ақпан мен 8 наурыз аралығында ғылыми тағылымнамадан өтті.

Ары қарай оқу >>

Жас қалам атты студенттік конкурс

01.03.2019

2019 ж 1-ші наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультетінде археология және этнология кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас қалам» атты студенттер арасында ғылыми мақалалар конкурсы болып өтті. Оған Аққалиева Айбөбек, Бисенғазин Нұрдаулет қатысты. Студенттердің биікке ұмтылған талабын байқаған ғалымдар, оларға ақ баталарын беріп, сертификаттарымен марапаттады.

Ары қарай оқу >>

"Археолог" үйірмесінің Фараби оқуларына байланысты жиналысы

21.02.2019

"Археолог" үйірмесінің Фараби оқуларына байланысты жиналысы өтті. Жыл сайын өтетін Фараби оқуларына биыл алдын-ала іріктеу кезеңдері өтуде. Қорғайтын тақырыбына байланысты мәселелерді қарастырып, тақырыптың мазмұнына, дұрыс жазылуына, ғылыми зерттелуіне мән беріледі. Мақала талдаудан өткен жағдайда Фараби оқуларына ұсынылады.

Ары қарай оқу >>

Көне Бозақ шаһарына саяхат

16.02.2019

16 ақпан күні тарих факультетінің студенттері Елбасының 2019 жылды жастар жылы» деп атауына орай «Астана қаласынан – көне Бозоқ шаһарына» атты тақырыппен патриоттық, тарихи-танымдық және спорттық бағытта жаяу 6 шақырымдық жерге серуен жасап қайтты. Шара барысында көне Бозоқ шаһарының тарихи маңызы жөнінде кафедра меңгерушісі Ұлан Үмітқалиұлы студенттерге толық мағлұмат берді.

Ары қарай оқу >>

Д.С. Байгунаковпен кездесу өтті

14.02.2019

Т.ғ.д., профессор Д.С. Байгунаков кездесу барысында болашақ археолог мамандарға археология саласының болашағы туралы дәріс оқып, өз мамандықтарының білгір маманы болуды тіледі.

Ары қарай оқу >>

Экскурсиялық жұмыстың әдістемесі

13.02.2019

Музей ісі және ескерткіштерді қорғау мамандығының студенттері болашақ экскурсовод ретінде экскурсиялық жұмыстың әдістемесінің жолдарын жасап көрсетті. Сабақ барысында, түрлі көрнекі құралдарын пайдаланып, тақырыптың мазмұнын ашты. Бұл экскурсиялық жұмыстың қыр-сырын меңгеріп, болашақ мамандықты игеруге септігін тигізеді.

Ары қарай оқу >>