Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің күзгі семестрдегі ирандық студенттерге арналған «Қазақ тілін үйрену» курсы аяқталды

2020 жылдың 26 желтоқсан күні ирандық студенттерге арналған «Қазақ тілін үйрену курсының» бірінші семестр бойынша бағдарламасы аяқталды. Аталған курс Алламе Табатабаи университетінің Түрік тілі және әдебиеті кафедрасы студенттеріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті тарапынан ұйымдастырылып, курсты Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, PhD Құдайбергенова Гүлбақыт және екінші курс докторанты Жетпісбаева Қалуаш жүргізді. Қазақ тілінің бастапқы деңгейін меңгерген студенттер қорытынды сабақта курстан алған әсерлері туралы шығармаларын оқып, тілді қаншалықты жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсетті. Бұл онлайн курсқа тек Ираннан ғана емес, парсы тілін білетін Түркия, Бразилия тәрізді елдерден де студенттер қатысып, белсенділік танытты. Қорытынды сабаққа Әлламе Табатабаи университетінің Түрік тілі және әдебиеті кафедрасының студенттері мен кафедра меңгерушісі доктор Мехди Резаи мен шығыстану факультеті Ирантану бөлімінің меңгерушісі, PhD Болатбек Батырхан мырзалар сөз сөйлеп, аталған курстың ойдағыдай өткеніне ризашықтарын білдірді. Ирандық студенттер білімдерін жетілдіру үшін Қазақстанға баруға ынталы екендіктерін жеткізді. Сонымен қатар, курсқа қатысқан үздік студенттерге университет тарапынан сертификат берілді. Алламе Табатабаи университетінің студенттеріне қазақ тілі курсы алдағы семестрде жалғасатын болады.

Басылым күні :  28.12.2020