«100 кітап» жобасы аясында кураторлық сағат

2020 жылы 2 желтоқсан күні сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы, 2-курс студенттерінің куратор-эдвайзеры Кайранбаев Нуралидің ұйымдастыруымен «100 кітап» әлеуметтік-инновациялық жобасы аясында Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» шығармасы талқыланды. Шараға «Шығыстану» және «Аударма ісі» мамандығының (араб тілі бөлімі) 2 курс студенттері атсалысты.

Аталған шарада Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының студенттері шығарманың оқиға желісі, қаhарман батыры, автордың негізгі ойы туралы ой қозғады. Сонымен қатар, студенттер тәлім-тәрбиелік мәні зор шығармадан алған әсерлерімен бөлісті.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы Н.Кайранбаев


Басылым күні :  03.12.2020