Шығыстану факультетінде Халықаралық хинди тілі күніне арналған мереке өтті

Жыл сайын 14 қыркүйекте халықаралық хинди тілі күні атап өтіледі. Хинди тілі әлемдегі ең көп таралуы тұрғысынан 4-ші тіл болып табылады. Ол өте бай, әдемі және ежелгі ұлы санскрит тілінің мұрагері. Студенттері хинди және урду тілдерін оқитын үнді бөлімі тек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бар.

Халықаралық хинди тілі күніне орай Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшілігіндегі Свами Вивекананда мәдени орталығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетімен бірлесіп, екі номинация бойынша хинди тілі байқауын ұйымдастырды: поэзия сайысы және эссе байқауы. Байқауға біздің университеттің үнді- танушы студенттері ғана емес, сонымен қатар Үндістанның өзінде әр түрлі мамандықтарда оқыған жастар мен Үндістан елшілігінде хинди тілін оқитын Үндістан әуесқойлары да қатысты. Біздің студенттердің әртүрлі номинациялардағы жеңісі құнды болды!

Поэзия байқауының шарттары бойынша өлеңдерді хинди тілінде оқыған кезде бейнежазба жасап, сілтемені ұйымдастырушыларға жіберіп, әлеуметтік желілерде жариялау қажет болды. Екінші байқауда әдеби тақырыпта шағын эссе жазып, скаанерленген жұмысты ұйымдастырушыларға жіберу керек болды.

Байқаудың қазылар алқасының құрамына Үнді мәдени орталығының директоры, доктор Санджай Гарг және орталық қызметкерлері кірді.

Қазылар алқасының бірауызды пікірі бойынша көптеген қатысушылар үнді тілін жоғары деңгейде меңгергенін, үнді әдебиетіне деген қызығушылықтарын, Үндістанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Байқау жеңімпаздарына Свами Вивекананда атындағы Үнді мәдени орталығының тарапынан сертификаттары мен ақшалай сыйлықтары табысталды.

Жеңімпаздардың арасында келесі студенттер бар:

Поэзия сайысы:

1 орын - Орынбай Аида, 3 курс

2 орын - Дюсенова Арай, 2 курс

3 орын - Амирулдаева Карина, 3 курс

Эссе байқауы:

1 орын - Хамитова Балжан, 3 курс

2 орын - Мейіз Жақсыбаева, Үндістан елшілігіндегі хинди курстары

3 орын - Калжанова Карагозайым, 3 курс

Жеңімпаздарды құттықтай отырып оларға жаңа табыстар тілейміз!

1 орын жеңімпазының сілтемесі - https://www.facebook.com/IndiaInKazakhstan/videos/364848641229464/?vh=e&d=n 

2 орын жеңімпазының сілтемесі - https://www.instagram.com/tv/CFwKTYFnHwWfZEx7uneWxxqYbOKaQJDOeVgLck0/?igshid=s4jom8zlsrqf

3 орын жеңімпазының сілтемесі - https://www.instagram.com/tv/CFsEhEqHQheqA3MpO6kZ-h7fcbmgdh7V4X_1Zk0/?igshid=1e0led9jgmar

Certificate - Orynbai Aida Berikkyzy.pdf

Басылым күні :  11.11.2020