Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми еңбектері

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бастамасымен ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығының аясында араб тілі ұстаздарына, докторанттар мен магистранттарына араб тілінде Әл-Фараби мұрасына арналған дәрістер ұйымдастырылуда. Жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 20 қазан күні Әл-Азхар Университеті Шет тілдер және аударма істері факультетінің профессоры Али Али Шаабан «Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми еңбектері» атты тақырыпта онлайн дәріс оқыды. Дәріске тыңдаушы ретінде алыс және жақын шетелдерден араб тілінің мамандары мен фарабитанушылар қатысты.

Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми мұраларына арналған бұл онлайн кездесу Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бұдан бұрын да «Лидерлік дәрістер» шеңберінде жүргізілген вебинарлардың жалғасы болып табылады. Кездесу барысында тыңдаушылар өздерін қызықтырған тақырып бойынша қызықты да жаңа мағлұматтарға қанығып, тың деректермен таныс болды. Факультет деканы PhD доктор Ы. М. Палтөре модераторы ретінде жүргізілген бұл вебинарға тыңдаушылар қатарында кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы түгелдей қатысып, кездесу соңы сұрақ-жауап, пікір алмасумен қорытыланды.

Басылым күні :  27.10.2020