Жазба жәдігерлер шеруі Ұлттық кітапханада

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті мен ҚР Ұлттық кітапханасы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті бірлесе отырып «Қазақ, араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мәдени шара 2019 жылдың 21-қарашасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасында өтті.

Дөңгелек үстел  ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбековтің сөзімен басталды. Ғылыми хатшы ҚР Тұңғыш Президентінің «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында», «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламалары аясында шетел мұрағаттары мен шетелдік ғылыми мекемелерден ел тарихына қатысты ғылыми-тарихи құндылығы бар мұрағаттық құжаттарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп келе жатқанын, бұл тұрғыдан келгенде «Қазақ, араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты дөңгелек үстел ұйымдастырудың маңызы ерекше екеніне тоқталып өтті. Іс-шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы PhD Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы жүргізіп отырды.

Шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің Абдулла Бин Абдулазиз атындағы «Халықаралық араб тілін қолдау орталығының» профессорлары Абдулла Ибрахим Әл-Хокил, Махмұд ибн-Абдулла ибн Абдул Азиз әл-Махмуд және Абду ар-Рахман ибн Ражи Аллаһ ибн Тифилан ас-Сулами қатысып, аталмыш орталықтың жұмысы мен екі ел ынтымақтастығына тоқталды.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанынан «Қазақ-араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты көрме ұйымдастырылды.

Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы, Абылайхан атындағы ӘТжХҚ университеті, Нұр-Мүбарак университеті мұғалімдері мен студенттері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.

Картинка не найдена или некорректна

Басылым күні :  23.06.2020