"Қазақстан мен Үндістанның көктемгі мерекелері" тақырыбында онлайн тәрбие сағаты

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, хинди-урду тілдері бөлімі оқытушылары студенттермен бейне-конференция аркылы "Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту жұмыстарын күшейтіп, орта және жоғары білім беру мекемелерінде тарих, әдебиет, өлкетану, география, мәдениеттану сабақтарында студенттердің Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен патриоттығын арттыруға" бағытталған іс-шаралар аясында "Қазақстан мен Үндістанның көктемгі мерекелері" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

 

Картинка не найдена или некорректна

 

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, хинди-урду тілдері бөлімі оқытушылары студенттермен бейне-конференция аркылы "Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту жұмыстарын күшейтіп, орта және жоғары білім беру мекемелерінде тарих, әдебиет, өлкетану, география, мәдениеттану сабақтарында студенттердің Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен патриоттығын арттыруға" бағытталған іс-шаралар аясында "Қазақстан мен Үндістанның көктемгі мерекелері" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына үндітану бөлімінің 1-2 курс студенттері қатысты. Сабақ барысы қазақтың ұлттық мейрамы "Наурыз" және үнді халқының ұлттық мейрамы "Байсакхи" жөнінде жаңа мәліметтермен толықтырылды, көрнекілік презентация дайындалды. Тәрбие сағатында Үндістанда тіл дамыту тәжірбиесінен өтіп келген студенттеріміз өз пікірлерімен және ғажайып үнді еліне сапарларынан алған әсерлерімен бөлісті. Тәрбие сағаты өте әсерлі және патриоттық сарында өткізілді. Барлық белсенділік танытқан студенттерімізге айтар алғысымыз мол! Елімізде тәрбиелі, білімді, креативті және патриот жастар өсіп келе жатқандығы қуантады.

Басылым күні :  23.06.2020