Парсы тілі бойынша халықаралық онлайн-курс басталды

18-сәуірде Табатабаи университеті, Иран Ислам Республикасының Қазақстан   Республикасындағы Мәдени Өкілдігі және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен   "Парсы тілі мен әдебиеті туралы ғылыми отырыс" атты   халықаралық онлайн-курсы басталды.

 

Картинка не найдена или некорректна

 

18-сәуірде Табатабаи университеті, Иран Ислам Республикасының Қазақстан   Республикасындағы Мәдени Өкілдігі және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен   "Парсы тілі мен әдебиеті туралы ғылыми отырыс" атты   халықаралық онлайн-курсы басталды. Онлайн-курсты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге шетелдік оқытушы ретінде шақыртылған Табатабаи университетінің докторы Оуранг Изади жүргізеді. Бұл онлайн-курсқа Қазақстаннан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті, Қыздар педагогикалық университеті және Өзбекстан Республикасынан Ташкент шығыстану университеті, Термез университеті оқытушылары мен студенттері қатысуда. Онлайн курста парсы тілі тарихы, парсы тілінің грамматикасы, қазіргі парсы тілінің грамматикасы, парсы тілінің тарихи грамматикасы, иран тілдері, көне парсы тілі, көне парсы тілінің сына жазуы, орта парсы тілі (пехлеви), Шахнаме: Бижан мен Маниже, Шахнаме: Рүстем мен Сохраб, Шахнаме: Рүстем мен Исфандияр тақырыптары бойынша дәрістер өтеді.

Басылым күні :  23.06.2020