Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі студенттермен бірге онлайн кездесу өткізді

2020 жылдың 3 мамырында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының басшылығы және оқытушылар құрамы жазғы сессия мәселелеріне байланысты кафедра студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде емтихан тапсырудың түрлері және техникалық мүмкіндіктері туралы мәселелер қозғалды.

 

Картинка не найдена или некорректна

 

2020 жылдың 3 мамырында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының басшылығы және оқытушылар құрамы жазғы сессия мәселелеріне байланысты кафедра студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде емтихан тапсырудың түрлері және техникалық мүмкіндіктері туралы мәселелер қозғалды.

Студенттер тарапынан практикалардың мерзімі, мемлекеттік емтиханды және кәсіби емес пәндерден емтихан тапсырмау мүмкіндігі, ауызша емтихан тапсырудың платформалары, емтиханды телефон арқылы тапсыру мүмкіндігі туралы сұрақтар қойылды. Кафедра меңгерушісі П.М.Сүлейменов студентер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тиянақты және жан-жақты жауап берді. Студенттер өз сұрақтарына толық жауап алды. Кафедрада араб, парсы, үнді бөлімдері бар, студенттер шығыстану, аударма ісі, шетел филологиясы, аймақтану мамандықтары бойынша білім алуда.

Сессия алғаш рет қашықтықтан және онлайн түрде өткізілейін деп отыр. Қазіргі кезеңде университетіміз үшін басты мақсат - жазғы сессияны сапалы өткізу. Кездесу нәтижесінде студенттердің емтиханға дайындығы пысықталды. Кафедра басшылығы студенттерге емтиханға жақсы дайындық жасау қажеттігін айтып, олардың емтиханды жоғары деңгейде тапсыруына тілек білдірді.

Басылым күні :  23.06.2020