«Шығыстану және шығыс тілдерін оқыту әдістерінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-методикалық конференция

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінде Арабтану бөлімінің 40-жылдығы мен  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Атабайдың 60-жылдық мерейтойына арналған «Шығыстану және шығыс тілдерін оқыту әдістерінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-методикалық конференцияға өтеді.

Іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ұйымдастырып отыр.

Филология ғылымдарының кандидаты, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті Б.Атабай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғана емес, сондай-ақ, бүкіл Қазақстан бойынша  араб филологиясының дамуына  зор үлес қосты. Ол танымал ғалым, 100-ден астам ғылыми басылымдар, соның ішінде араб тіліндегі монографиялар мен оқу құралдарының авторы.

Халықаралық конференция қонақтары Египет Араб Республикасына қарасты Мысыр мәдени орталығының өкілдері, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті  университетінің ректоры, басқа да ЖОО оқытушылары мен студенттер.

Кітап көрмесіне филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Атабайдың және Шығыстану факультетінің басқа да оқытушыларының қазақ, орыс, араб тілдеріндегі еңбектері қойылады.

 

 

Алматы қ. Қарасай батыр көшесі – 95 А.                                          29  қараша, 2017 ж.   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті                         сағат: 10.00 

Шығыстану факультеті                                                                        5 қабат, 503 ауд.

Басылым күні :  14.12.2017