«Пәкістан мен Қазақстан арасындағы 25 жылдық дипломатиялық қарым-қатынастар» тақырыбында дөңгелек үстел

14 қараша 2017 жылы Қазақстандағы Пәкістан Елшілігі басшылығы, Ұлттық кітапхана қызметкерлері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімінің ұстаздары бірлесе Пәкістанның Тәуелсіздігіне 70 жыл толуына, Пәкістан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай, сондай-ақ Пәкістанның  ұлы ақыны, философы, рухани көшбасшы Аллам Мұхаммад Икбалдың туғанына 140 жыл толуына байланысты дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел қонақтары: Пәкістанның Қазақстандағы Өкілетті және Төтенше Елшісі Абдул Салик Хан мырза, Пәкістан Елшілігінің әскери атташе бригадалық генералы Шакил Фариди, Пәкістан Ислам Республикасы Елшісінің орынбасары Вакас Ахмед, Пәкістан ұлттық банктің төрағасы Мухаммед Рафик 

Өткізілетін орны: Ұлттық кітапхана

Басылым күні :  14.12.2017