«ҚАЗАҚСТАН МЕН ҮНДІСТАННЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ: ӨТКЕНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық он-лайн конференция

2017 ж. 30 қаңтар айынның жұлдызында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу және Орта Шығыс кафедрасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25-жыл, Үндістан Республикасының тәуелсіздігіне 70 жыл, Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастығына 25 жыл толуына орай «ҚАЗАҚСТАН МЕН ҮНДІСТАННЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ: ӨТКЕНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық он-лайн конференция өтеді.

Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу және Орта Шығыс кафедрасының үндітану бөлімі.

Конференцияға отандық және шетелдік зерттеушілер қатысады.

Барлықтарыңызды конференцияға шақырамыз.

 

 

Өтілетін мерзімі: 2017 ж. 30 қаңтар, сағ. 15:00

Өтетін орны: Қарасай батыр к-сі, 95 (Масанчи көш. қиылысы)

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, 5 қабат. Махатса Ганди атындағы конференц-зал

Басылым күні :  30.01.2017