«Қазақстан және Иран: мәдениеттер тоғысындағы интеграциялық үрдістер» атты кезекті II Халықаралық ғылыми-теориялық конференция

2016 жылдың 5-6 cәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан) мен Шаһид Беһешти университетінің (Иран Ислам Республикасы) ұйымдастыруымен дәстүрлі «Қазақстан және Иран: мәдениеттер тоғысындағы интеграциялық үрдістер»  атты кезекті II Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Конференция жұмысының бағыттары:

1. Иран-Тұран: тарихи және рухани мұралар

2. Қазақстан мен Иран арасында ғылым мен білім саласын заманауи үлгіде дамыту мәселелері;

3. Қазақстан мен Иран арасындағы саяси-экономикалық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі

 

Конференция тілі: қазақ, парсы, ағылшын және орыс тілдері. 

 

Конференцияның өтетін жері: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетіндегі 422 каб.

 

Өтетін уақыты: 2016 жыл, 05-06 сәуір. Тіркелу сағат 09.00-де, басталуы сағат: 10.00-де

 

Басылым күні :  03.02.2016