«Шабраван» тобының дәстүрлі музыка концерт

2015 жылдың 01 қазан күні   Алматы қаласындағы ИИР Бас Консулдығы жанындағы мәдени өкілдік және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Таяу, Орта Шығыс және Оңтүстік Азия елдері кафедрасының ұйымдастыруымен шығыстану факультетінің №1 үлкен  залында  Иран Ислам Республикасының «Шабраван» тобының дәстүрлі музыка концерті өтті. Бұл шара «Алматы – ислам әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының аясында өтті.

Бұдан соң «Шабраван» тобы иранның дәстүрлі музыкасынан әр түрлі ирандық саз аспаптарын қолдана отырып, тамаша саз кешін өткізді. Концерт соңында студенттер, оқытушылар қонақтардан Иран сазы туралы мәліметтер алып, естелікке суретке түсті.

Басылым күні :  01.10.2015