Танымал ақын әрі сазгер, қоғам қайраткері Исрайл Сапарбаймен кездесу

Құрметті студенттер!

 

2015 жылы 22 қыркүйекте «Білім күні» аясында шығыстану факультетінің Таяу және Орта Шығыс және Оңтүстік Азия елдері кафедрасында танымал ақын әрі сазгер, қоғам қайраткері Исрайл Сапарбаймен кездесу шарасының өтетінін хабарлаймыз. Кездесу барысында еліміздегі тіл мәселесі, шығыстың мәдениеті мен тілі және еліміздегі толеранттық мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Пікір алмасу шарасы 422 аудиторияда өтеді және сағат 11.30-да басталады.

Келіңіздер, пікір алмасып қайтыңыздар!

 

Ұйымдастырушы: шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия елдері кафедрасы

Басылым күні :  21.09.2015