«Тұрмыстық қалдықтардан жасалған ең үздік бұйым» атты жарыс

Тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу, студентттердің шығармашылығын дамыту жарыстың мақсаты болды. Байқау көрме түрінде өтті және әр қатысушы өзі жасап шығарған бұйымды 1-2 минуттан аспайтындай уақыт ішінде таныстырды. Қатысушылардың реттік нөмірі жеребе арқылы анықталды.

Шығыстану факультетінің әр кафедрасынан жарысқа қатысатын студенттердің саны шектеусіз болды, әр бұйымды жеке студент жасап шығарды, бұйымдар бірнеше критерий негізінде (сонылығы, креативтілігі және т.б.) қазылар алқасымен бағаланады. Қазылар алқасына шығыстану факультетінің әр кафедрасынан бір өкіл (кафедра меңгерушісінің орынбасарлары) кірді.

Жарыс нәтижесінде Таяу және Орта Шығыс кафедрасы арабтану бөлімінің 2 курс студенті Тілеулесова Камила жүлделі 1-ші орынды, қытайтану кафедрасының 2 курс студенті Бағдат Биназир жүлделі 2-ші орынды, Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы жапонтану бөлімінің 1 курс студенті Уалиева Әсел жүлделі 3-ші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы Дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады және әр қатысушыға да естелік сыйлықтар берілді.

Басылым күні :  20.05.2015