«Араб тілін оқу тәжірибесі: әдістеме, диалекттер, практика» тақырыбында шеберлік сағаты

2015 жылдың 31 наурызында шығыстану факультеті Таяу және Орта Шығыс кафедрасы жанындағы «Араб әлемі» студенттердің ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен университеттің «Айналаңды нұрландыр!» инновациялық-әлеуметтік жобасы аясында «Араб тілін оқу тәжірибесі: әдістеме, диалекттер, практика» тақырыбында шеберлік сағаты өттті. Шеберлік сағатты кафедрамыздың шетел филологиясы мамандығы бойынша тәлім алып жатқан 3 курс студенті Ибраева Елдана даярлады. Семинар барысында Елдана өз тәжірибесінің негізінде араб тілінің жеңіл әрі оңтайлы үйрену жолдарын және осы жолда кездесетін кейбір келеңсіздіктер жайлы баяндады. Сонымен қатар Елдана бүгінгі таңдағы әлеуметтік жүйелерде жиі қолданылатын араб сленгтері жөнінде сөз қозғады. Сөз соңында Елдана, өзге студенттерге араб тілін үйрену жолында мұңаймай еңбек ету және психологиялық кедергілерді және оларды жеңу жолдарын тілге тиек етті. Жалпы алғанда студенттер шеберлік сағатынан алған пайдалары мол екенін және алдағы уақытта бұл құнды кеңестерді міндетті түрде іс жүзінде қолданатындықтарын айтып өтті.

Басылым күні :  20.05.2015