КОРОЛЬ САЛМАН АТЫНДАҒЫ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАБ ТІЛІ АКАДЕМИЯСЫның» (САУД АРАБИЯСЫ) РЕСМИ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНЫҢ ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНА САПАРЫ

25 қыркүйек күні Король Салман атындағы Халықаралық араб тілі академиясының делегациясы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына келді. Сапар барысында делегация кітапхананың жұмысымен танысып, кітапхана қорындағы көне қолжазбалар көрмесін тамашалады. Делегацияны Ұлттық кітапхананың директоры Бақытжамал Қайырбекқызы қабылдап, кітапхананың негізгі залдары мен бөлімдеріне экскурсия жүргізді. Қонақтар кітапханамен болашақта байланыс орнатуға және ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

Басылым күні :  03.10.2024