ҚазҰУ-да Джиндал Жаһандық Университеті өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қабырғасында Тұрақты даму мақсаттары аясында Үндістаннан келген Джиндал Жаһандық Университетінің делегациясымен маңызды кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – екі жетекші университет арасындағы ықтимал ынтымақтастық жолдарын талқылау болды.Кездесуге университетіміздің әкімшілігі мен шығыстану факультетіне қатысты үндітану бөлімінің профессор-оқытушылары, сондай-ақ Джиндал Университетінің қонақтары қатысты. Тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуы және болашақ ықтимал ынтымақтастықтың басқа да маңызды бағыттарын талқылады.Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Үндістан арасындағы білім және ғылым байланыстарын нығайтуға, екі университеттегі білім беру мен ғылыми зерттеулер деңгейін арттыруға елеулі үлес қосуға уәде береді.

Басылым күні :  16.09.2024