Ирантану бөлімінде 1 курс студенттерімен танысу кеші өтті

13 қыркүйекте Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімі оқытушылары мен студенттері 1 курсқа қабылданған студенттермен танысу кешін ұйымдастырды. Кеште ұстаздар сөз сөйлеп, студенттерді 1 курсқа қабылдануларымен құттықтады және оларға табыстар тіледі. Ирантану бөлімінің «Гүлстан» үйірмесі аясында жасалатын жұмыстармен таныстырды. Кеш барысында 1 курс студенті Әділов Рахат бірнеше қазақтың халық әндерін орындады. Кеш соңы арнайы дайындалған дастарханға ұласты.  

Басылым күні :  13.09.2024