Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бірінші курс студенттері "Жасыл кампус" бағдарламасы аясында сенбілікке қатысты
Кеше, 2024 жылғы 11 қыркүйекте, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бірінші курс студенттеріне арналған сенбілік өтті. Іс-шара "Жасыл кампус" экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, университетіміздің әртүрлі факультеттерін келген жастарды, соның ішінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 1-і курс студенттерін де біріктірді.
Сенбіліктің мақсаты – университет аумағын көркейту және студенттердің қоршаған ортаға қамқорлық көрсету маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.
"Жасыл кампус" бағдарламасы студенттер мен университет қызметкерлері үшін тұрақты және экологиялық қауіпсіз орта құруды, сондай-ақ жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған.

Басылым күні : 12.09.2024






