ЕАР Жоғары білім және ғылыми зерттеу министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларын қабылдады

Тұрақты даму мақсаттары аясында үстіміздегі жылдың 15-22 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті мен Философия және саясаттану факультетінің оқытушылары ЕАР Каир қаласындағы Жоғары білім және ғылыми зерттеу министрлігі жанындағы Ғылыми-мәдени ақпарат бөлімінің директоры доктор Абу әл-Футух Сабри Юнустың қабылдауында болды.

Бөлім директоры Әбу әл-Футух Сабри екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастар төңірегінде сөз қозғап, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде қызмет атқарған жылдары (2015-2020) өзі куәсі болған қазақ мәдениеті мен дәстүрі, діни жоралғылары мен ұлттық ерекшеліктері туралы естеліктерімен бөлісіп, Мысыр ақпарат құралдары, сондай-ақ, Білім министрлігі жанынан шығарылатын мерзімдік журналдарда әр жылдары жариялаған Қазақстан туралы, қазақ елі мен мәдениеті, қазақ қонақжайлығы жайлы жазған ғылыми-танымдық мақалаларымен таныстырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан барып отырған делегация Мысыр Білім министрлігінің тыныс-тіршілігімен танысып, әл-Фараби университеті мен министрлік арасындағы болашақ қарым-қатынастар жайлы талқылады.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

Жумадилова А.Е.

 

Басылым күні :  25.04.2024