Шығыстану факультетінде Сағди күніне арналған әдеби кеш өтті

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен 18 сәуірде Сағди күніне арналған әдеби кеш өтті. Кеш әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы мерекесі мен "Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының аясында өтті.

Әдеби кештің мақсаты - парсы әдебиетінің белді өкілдерінің бірі, ұлы ақын Сағди Ширазидың шығармашылығы жөнінде пікір алмасу, оның әдеби мұрасын насихаттау. Кешке қатысушы қонақтар парсы тілінде ақын шығармаларынан өлең оқыды. Әдеби кешке Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулы Мохсен Фағани, Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Равшан Бобохонзода, Алматы қаласындағы Иран Ислами Республикасы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдіктің басшысы Хосейн Ағазаде, Ираннан және Тәжікстаннан ғалымдар, Отандық шығыстанушылар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

 

Басылым күні :  19.04.2024