ҒЫЛЫМНЫҢ КІЛТІ - ШЫҒЫСТА!

ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында 15 сәуір 2024 жылы «Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасының «Сапалы білім» пунктының аясында университетке дейінгі дайындық факультетінің оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында шығыстану факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Ү.А.Амирбекова, Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д.М. Кокеева, факультеттің аға эдвайзері А.А. Еслямгариев оқушыларды жылы қарсы алып, факультет тынысымен таныстырды. Сонымен қатар факультетте оқытылатын әр білім беру бағдарламасының өзіндік ерекшелігі бар екендігі түсіндірілді. Факультетте араб, парсы, хинди, урду, түрік қытай, корей және жапон бөлімдері бойынша «шығыстану», «аударма ісі (шығыс тілдері)», «шетел филологиясы (шығыс тілдері)» және «аймақтану (шығыс елдері)» білім бағдарламалары терең оқытылып, қазіргі нарыққа сай, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярланатыны туралы толық ақпарат берілді.

 

Басылым күні :  17.04.2024