«Ашық есік» күніне ирантану бөлімі «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағдарламасы аясында көрме дайындады

Шығыстану факультетінде 11 сәуірде өткен «Ашық есік» күніне ирантану бөлімі ерекше дайындалды. Осы шараға ирантану бөлімінің шақыруымен Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы №2 мамандандырылған лицейінен ұстаздарымен бірге 80 оқушы келді. Ирантану бөлімінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ғалия Қамбарбекова оқушыларға арнап Иран тақырыбында викториналық сұрақтар беріп, дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар табыстады. «Ашық есік» күніне құрметті қонақ ретінде тұрақты даму мақсаттары аясындағы «Тұрақты даму үшін серіктестік» негізінде Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулы Мохсен Фағани, Алматы қаласындағы Иран Мәдени өкілдігінің басшысы Хосейн Ағазаде, Иран-Қазақстан сауда палатасынң өкілі Джавад Хоссейни мырзалар қатысты. Иран Мәдени Өкілдігі осы шараға арнап Иран қолөнері көрмесін дайындады. Оқушылар мен ұстаздар бұл көрмеге үлкен қызығушылық танытты.

 

Басылым күні :  13.04.2024