Магистранттардың ғылыми тағылымдамасы нәтижелі болды

2024 жылдың 26 ​​наурызы мен 10 сәуірі аралығында «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының «Сапалы білім беру» тармағының аясында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің екінші курс магистранттары ғылыми тағылымдамадан өтті. Екі апта ішінде тағылымдамадан өтушілер институттың жетекші ғалымдардың дәрістерін тыңдап, ғылыми мақала жазу дағдыларын жетілдірді және оларды дұрыс рәсімдеу жолдарын үйренді, сонымен қатар аталған институттың ішкі құрылымымен танысты. Тағылымдама магистранттарға ғылыми жұмыс атмосферасына еніп, шығыстану және деректану саласындағы білімдерін кеңейтуге бірегей мүмкіндік берді. Жалпы, тағлымдама сәтті өтіп, шығыстану факультеті магистранттарының біліктілігін арттыруда маңызды кезеңі болды.

 

Басылым күні :  12.04.2024