Ғылыми жоба аясында халықаралық конференция өтуде

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай, Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен т.ғ.д. профессор Л.Г. Ерекешеваның жетекшілігіндегі АР14871064 жобасы аясында “Оңтүстік және Орталық Азиядағы ұлттық мемлекет құру: ұлт, дін, дәстүр” тақырыбында 2 күнге созылған халықаралық конференция басталды. 5 сәуір күні конференцияның салтанатты ашылуында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі, ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Ж.Н. Айтжанова конференция қонақтары мен қатысушыларын құттықтап, сәттілік тіледі. Конференцияның мақсаты - 2022 жылы басталған ғылыми жоба зерттеулерінің нәтижелері ортаға салу, талқылау. Лондон университетінің Шығыс және африкатану мектебінің (SOAS) саясаттану және халықаралық зерттеулер департаментінің зерттеуші ғалымдары Рочана Бачпай (Rochana Bajpai), Др. Вхавна Дейв (Bhavna Dave) және факультет деканы, профессор Матью Нелсон (Matthew J Nelson), Қайди Азам универстіненінің Пәкістан зерттеулер институтының директоры проф. Ханиф Халил, Үндістанның халықаралық Істер жөніндегі кеңесінің ғылыми қызметкері, PhD Пунит Гаур, Үндістандағы Дамушы қоғам зерттеулері ортплығының доценті Хилал Ахмед, Дж.Неру университетінің профессоры Санджай Пандей, Камала Неру колледжінің зерттеушісі Майтрий Пандей және қазақстандық ғалымдар үндітану саласына қатысты өздерінің құнды зерттеулерімен бөлісті.

Басылым күні :  05.04.2024