Даруссалам Гонтор университетінің (Индонезия Республикасы) делегациясы Шығыстану факультетіне келді
2024 жылғы 4 наурызда Даруссалям Гонтор университетінің (Индонезия Республикасы) 6 адамнан тұратын делегациясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетіне ресми зияратпен келді:
-
доцент, доктор Хайрулумам (академиялық істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор);
-
доцент Сетияхуанбин Лахури (қаржы және әкімшілік істер жөніндегі проректор);
-
доцент, доктор Хартоми (экономика және менеджмент факультетінің деканы);
-
доцент, доктор Имам Камалуддин (ислам заңнамасы факультетінің деканы);
-
доцент, доктор Сямсури (ислам экономикалық құқығы кафедрасының меңгерушісі);
-
доцент, доктор Ахмад Афанди Махфуз (топ жетекшісі).
Делегация сапарының мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті мен Даруссалям Гонтор (Индонезия Республикасы) университеті арасында әріптестік қарым-қатынас орнату болып табылады, ол араб тілі, мәдениеті, тарихы бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, студенттер үшін академиялық ұтқырлықты ұйымдастыруды, оқытушылармен алмасуды қамтиды.