Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының халықаралық байланыстары таныстырылды

«Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында 2024 жылдың 21-ақпаны күні Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ф.Т. Жұмажанова «Кафедраның халықаралық байланыстары: өткені, бүгіні және болашағы» атты семинар өткізді. Семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті арасындағы студенттердің іс-тәжірибелерін өткізу туралы екіжақты келісім-шарт аясында ұйымдастырылды.

Семинар барысында арабтану, ирантану және үндітану бөлімдерінің Араб Мемлекеті елдері (Сауд Арабиясы, Мысыр Араб Республикасы, Оман Сұлтандығы, Катар, Кувейт, БАӘ), Иран Ислам Республикасы (Саади қоры, Мәдениет және Исламдық бағдар министрлігі жанындағы парсы тілін тарату ұйымы, Тегеран университеті, Бахешти университеті), Үндістан Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы (Джавахарлал Неру университеті, Дели университеті, Үндістандағы Хинди тілі орталықтары, Вардха университеті, Джамия Милья университеті, Пенджаб университеті, Қазіргі тілдер ұлттық университеті) арасындағы оқу, ғылыми, әдеби, мәдени, тілдік қарым-қатынастар бағытындағы келісім-шарттар мен оларды жүзеге асырудың жолдары туралы ақпараттар берілді.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылары аталған елдердің ЖОО мен орталықтарында жыл сайын тіл ұстарту курстарынан өтетіні, бұл үрдіс – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатыны, аталған елдердің шығыстанушы ғалымдарымен кездесулер, ғылыми, танымдық лекциялар мен семинарлар ұйымдастырылып тұратыны жайлы практикант-студенттерге жан-жақты баяндалды.

Аталған елдердегі серіктес ұйымдардың қолдауымен, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Араб тілі және мәдениеті залы», «Ирантану орталығы», «Махатма Ганди орталығы», «Мухаммад Али Джинна орталығы», «Тәжік тілі және мәдениеті орталығы» ашылып, қажетті кеңсе жабдықтары, техникалық құралдар, оқу үдерісіне қажетті оқулықтар мен оқу құралдары сыйға тарту етілгені туралы ақпарат «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті студенттердің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, әсіресе Шығыстану факультетіне деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Практикант-студенттер семинар соңында аталған орталықтарды аралап, тікелей танысуға мүмкіндік алды.

 

 

Хаван А.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

 

Басылым күні :  01.03.2024