Қорытынды емтиханға даярлық басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушысы Ж.Ұ.Мырзағұл 24.10.2023 жылы «Қорытынды бақылауды жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру» атты әдістемелік семинар өткізді. Семинарға Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Семинар тақырыбына байланысты емтихан формасын таңдаудың негізгі критерилері талданды. Онлайн немесе оффлайн форматында өтетін емтихандардың түрлері мен өткізу ерекшеліктеріне назар аудара отырып, оларға қойылатын басты талаптар жекелеп қарастырылды. Ұстаздар қауымы сұрақтар қойып, толық жауап алды.

Бокулева Б.С.

 

Басылым күні :  23.02.2024