«Араб филологиясының ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы» атты ғылыми семинар өтті

«Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында 2024 жылдың 13-ақпаны күні Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценты, ф.ғ.к. Ш.С. Қалиева «Араб филологиясының ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы» атты семинар өткізді. Семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті мен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті арасындағы студенттердің іс-тәжірибелерін өткізу туралы екіжақты келісім-шарт аясында ұйымдастырылды.

Семинар барысында араб тілінің шығу тегі, ежелгі кезеңдегі араб поэзиясының ерекшеліктері, араб тілінің классикалық сипаты, араб лексикасын бекіту, Қасиетті Құранның алғашқы қолжазбалары, араб тілінің түсіндірме сөздіктерінің пайда болуы сияқты мәселелер қарастырылды. Студенттер дәріске белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.



Жумадилова А.Е.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

 

Басылым күні :  14.02.2024