Алматыда өткен Дүниежүзілік Хинди Күні

Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы аясындағы "Тұрақты даму үшін серіктестік" бағыты бойынша  08.02.2024 ж. Үндістан Республикасының Қазастандағы елшісі д-р Нагендра Прасад мырза мен Алматыдағы Бас консул Суапнил Кхотаваде мырзаның бастамасы және шығыстану факультеті, үндітану бөлімінің қатысумен "Дүниежүзілік Хинди тілі күні" мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Қазақстандағы хинди тілін оқыту және үнді-қазақ мәдени байланыстарын дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өткен аталмыш бағдарламаға үндітанушы оқытушылар мен хинди бөлімінің студенттерімен қатар, Алматыдағы үнді диаспорасы да қатысты.

Басылым күні :  10.02.2024