«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенттеріне арналған дәрістер басталды

«Тұрақты даму мақсаттары» (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында 2024 жылдың 6-ақпаны күні Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Арабтану бөлімінің оқытушы-профессорлар құрамы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 4 курс студенттеріне арналған ғылыми, педагогикалық және танымдық дәрістер өткізуді бастады. Аталған дәрістер екі университет арасындағы студенттердің іс-тәжірибелерін өткізу туралы екіжақты келісім-шарт аясында жүзеге асырылады.

Алғашқы дәрісті кафедраның аға оқытушысы, Арабтану бөлімінің директоры Еркінбек Шоқай «Араб тілін меңгерудің тәжірибелік аспектілері» атты тақырыпта өткізді. Дәрісте араб қоғамының мәдениеті, тіл иелерімен қарым қатынаста көмектесетін тиімді тәсілдер, араб тілінде еркін сөйлеу, аударма жасаудың оңтайлы жолдары сынды мәселелер қамтылды. Студенттер дәріске белсенді қатысып, өзекті сұрақтарға толыққанды жауап алып отырды. Дәрістер 16-ақпанға дейін жалғасады.

 

Басылым күні :  07.02.2024