Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы Канафьева Шынар Ерланқызы форумға қатысуда.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024 жылғы 29 қаңтарда «Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» атты форум ұйымдастырды. Форумға Қазақстанның ЖОО басшылары, мемлекеттік бақылау шараларына сарапшылар ретінде тартылатын жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылды. Форумда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы Канафьева Шынар Ерланқызы мемлекеттік бақылау сарапшысы ретінде қатысты. Сонымен қатар форумда ҚР ҒжЖБ министрі Саясат Нұрбек баяндама жасады. Форумға онлайн қатысқан EQAR Президенті Стефан Левик білім саласына қатысты пікірімен бөлісті.

Басылым күні :  29.01.2024