А.Байтұрсынов атындағы мұражайға бару

07.11.2023 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенттері қазақ зиялыларының жарқын өкілі Ахмет Байтұрсынов мұражай-үйін зиярат етті. Ахмет Байтұрсынов – қазақтың ағартушысы, ұстаз, публицист, аудармашы, түркітанушы, лингвист, саясаткер, Алаш қозғалысының қайраткерлерінің бірі. Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі — Алматы (Қазақстан) қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлының мемориалдық мұражайы. Мұражай 1933-1937 жылдары тұрған үйінде орналасқан. Студенттер ағартушының жеке хаттарымен, кітаптарымен, фотосуреттерімен танысып, өміріндегі маңызды оқиғаларды талқылады. 

Басылым күні :  07.11.2023