Омар Хайям – ғалым, ақын, ойшыл атты әдеби кеш өтті

19-қазанда "Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметі бөлімі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Ирантану бөлімінің тікелей атсалысуымен Омар Хайямның 975-жылдығына орай әдеби кеш ұйымдастырылды. Бұл кешке Алматы қаласындағы Иран мәдени орталығының директоры Х.Ағазаде, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары Т.Қыдыр, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы Н.Б. Ем, шығыстану факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары С. Джакубаева, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д. Көкеева, Ирантану бөлімінің оқытушылары мен студент-магистранттары, ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметі бөлімінің қызметкерлері қатысты.

 

Басылым күні :  21.10.2023