Үндітану бөлімінің студенттері халықаралық форумға қатысуда

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы үндітану бөлімінің студенттері «Hindi Vishva Yatra» аясында Үндістанда өтіп жатқан халықаралық форумға Қазақстан Республикасы атынан қатысуда. Форум 2023 жылдың 20-29 мамыр аралығында өтеді. Австралия, Фиджи, Италия, Жапония, Қазақстан, Маврикий, Польша, Корея Республикасы, Ресей, Шри-Ланка, Оңтүстік Африка, Тәжікстан, Танзания сияқты елдерден келген студенттер халықаралық форумда өз елдерін таныстырады. 1 курс магисранттары Абилмажинова Зарина,Урумова Тоғжан, 4 курс студенті Дүйсенова Арай Қазақстандағы хинди тілінің оқытылуын, үндітанудың дамуын танытады. Үндістанға сапар барысында үндітану бөлімінің студенттері ICCR президенті доктор Винай Сахасрабуддхемен кездесті.


Басылым күні :  24.05.2023