Шығыстанушы ғалым факультетімізде қонақта

Белгілі арабтанушы ғалым, фольклортанушы, Нұр-Мүбарак университетінің жанындағы "Әбу Ханифа" орталығының директоры Керім Шәмшадин Тұрсынұлы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде арнайы қонақта болды.

Арабтану бөлімінің алғашқы түлегі, Қазақстандағы бірегей діни ЖОО Нұр-Мүбарак университетінің тұңғыш проректоры, сондай-ақ, академик Ә.Дербісәлінің тікелей шәкірттерінің бірі Шәмшадин Тұрсынұлы академик ғалымның ғылыми өмірінен сыр шертетін естеліктерімен бөлісіп, оның шығармашылығы туралы тұжырымдарын саралады.

Ғалым Ш.Керім Шығыстану факультетінде ашылған ұстазы Ә.Дербісәлі атындағы аудиториямен де танысып, кезінде өзі білім алған қара шаңыраққа жылы лебізін білдірді.

Кездесеу соңында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі доцент Кокеева Дариға Молдағалиқызы факультетке арнайы ат басын тіреген ғалымға алғысын білдіріп, ұстазы Ә.Дербісәлінің "Қазақ университеті" баспасынан жарыққа шыққан "Әбу Насыр әл-Фараби" атты еңбегін және Ә.Дербісәлі туралы "Ғалымның ғибратты өмірі" естелік-кітабын тарту етті.

Басылым күні :  12.05.2023