ПЕНДЖАБ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА (ЛАХОР, ПӘКІСТАН)

Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімінің 1 курс магистранты Жарбосынова Назерке 2023 жылдың 2-13 сәуір аралығында Пенджаб университеті, Урду тілі және әдебиеті институтында (Лахор, Пәкістан) ғылыми тағылымдамадан өтті. Пеенджаб университетіндегі ғылыми іс-сапар барысында профессор Мухаммад Наим мырзамен және т.б білікті мамандармен бірлесе отырып диссертациялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ ол Пенджаб университетіндегі барлық ғылыми зерттеу базаларына, әсіресе орталық Пенджаб кітапханасына, диссертациялық зерттеу тақырыбындағы әдебиеттерге шолу жасай алды.

Басылым күні :  04.05.2023