«Көрнекі тәжуид» кітабының тұсаукесері

Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (Сапалы білім ) жобасының негізінде 2023 жылдың 26 ​​сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Араб тілі» орталығының директоры, ТШжОА кафедра оқытушысы Еркінбек Шоқайдың қазақ тіліне аударған доктор Айман Рушди Суейдтің «Көрнекі тәжуид» кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерде белгілі қазақстандық теолог Ерсін Әміре (кітап аудармасының редакторы), исламтанушы ғалымдар, Шығыстану, Философия және саясаттану факультеттерінің оқытушылары құттықтау сөз айтты. Бұл кітаптың аудармасы қазақстандық исламтану ғылымы үшін ғана емес, шығыстану және арабтану ғылымдары үшін де құнды үлес болып табылады, өйткені кітап араб тілінің фонетикасына қатысты көптеген егжей-тегжейлі және көркемделген мәліметтерді қамтиды, соның арқасында бұл еңбек көптеген пәндер бойынша көмекші оқу құралы ретінде қолданыла алады.

Басылым күні :  27.04.2023