СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА БІЛІМГЕРЛЕР ЗЕРТТЕУЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

2023 жылдың сәуір айының алғашқы аптасында студенттермен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Аталмыш конференцияға Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасынан бакалавриат, магистратура деңгейлерінде оқып жатқан 20-ға жуық білімгерлер «Шығыс елдерінің тарихы, экономикасы және саясаты», «Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері және шығыс елдерінің әдебиеті», «Шығыс елдерінің діні, мәдениеті, қоғамы» және «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы шығыс елдері» тақырыптарындағы секцияларға қатысып, өздерінің ғылыми зерттеу тәжірибелерімен бөлісті. Нәтижесінде аталған секциялар бойынша кафедраның білімгерлері марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ, «Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері және шығыс елдерінің әдебиеті» секциясында І орынды 7М02217 – Шығыстану білім беру бағдарламасының 1 курс магистрантары Тоғжан Урумова және «Шығыс елдерінің діні, мәдениеті, қоғамы» секциясы бойынша Шыңғыс Санжарұлы І орынды иеленді.

6В02207 – Шығыстану БББ-ның студенттері Ерланова Асем ІІІ орынды, Жасболат Зерекжан – Васильев Дмитрий Юрьевич ІІІ орынды, «6B02302 – Аударма ісі» БББ-ның 4 курс студенті Жасболат Зерекжан ІІІ орынды, «7M03115 – Аймақтану» бойынша Абильмажинова Зарина ІІ орынды иеленді. Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ұжымы барлық болашақ шығыстанушыларды марапаттарымен құттықтап, ғылыми ізденістеріне сәттілік тілейді.

Басылым күні :  07.04.2023