«Жеті син» дастарханы ҚазҰУ Наурызында

19-наурызда өткен университет наурызында Наурыз мейрамының әлем елдеріндегі тойлануы дәстүрі көрсетілді. Бұл мерекелік шарада Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдікпен бірлесе отырып, дәстүрлі ирандық Наурыз дастарханы - «Жеті син» дастарханын жиналған қауым назарына ұсынып, бұл Наурыз символының рухани терең мәнін түсіндірді. Сонымен қатар қонақтар араб-парсы калиграфиясы үлгілері және Иранның тарихи көрнекі жерлері фотоларының шағын көрмесін де тамашалады.

Басылым күні :  25.03.2023