Әл-Фараби кітапханасында «Нағме-и баран» тобының концерті өтті

17-наурызда әл-Фараби кітапханасында Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы мен шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне арналған ирандық «Нағме-и баран» тобының дәстүрлі музыка концерті өтті. Концертте сондай-ақ Алматы П.И. Чайковский атындағы музыка колледжінің оқытушылары мен студенттері де өнер көрсетті. Концертке жиналған өнер сүйер қауым кітапхана фойесінде қойылған ирандықтарда Наурыз мерекесінің символы болып табылатын «Хәфт син» дастарханы мен араб-парсы калиграфиясы үлгілері және Иранның тарихи көрнекі жерлерінің фотолары көрмесін де тамашалады. Концертті тамашалауға Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Равшан Бобохонзода, ҚазҰУ және т.б. Алматы қаласындағы университеттер оқытушылары мен студенттері, Алматыда тұратын ирандық диаспора өкілдері келді.

Басылым күні :  20.03.2023