Кәсіби бағдар жұмысы жалғасын табуда

Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» жобасының негізінде 24 ақпан 2023 жылы Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к. Қамбарбекова Ғалия және PhD доктор Бокулева Бота Алматы қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен және тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында «Парсы дереккөздеріндегі қазақ хандығына қатысты мәліметтер» атты оқушыларға көшбасшылық дәріс оқылды. Оқушылар Қазақстан тарихына байланысты тың мәліметтерге қызығушылық танытып, көптеген қызықты сұрақтар қойды. Қызықты сұрақтар қойып, белсенділік танытқан оқушыларға парсы тілінен аударылған балаларға арналған кітаптар сыйға тартылды. Мектеп кітапханасына сирек кітаптар тарту етілді.

Кездесуді ұйымдастырған «Сұңқар» шаңырағының оқушылары мен куратор Күзембаева Айгерім Борантайқызы. Мектеп директоры Г.Б. Мункеева атынан «Қоғамға қызмет» жобасы аясында жас ұрпақтың рухани және зияткерлік дамуына үлес қосқандары үшін факультет оқытушыларына алғыс хат ұсынылды.


Басылым күні :  27.02.2023