ҮНДІСТАН СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚЫСҚЫ МЕКТЕП

2023 жылдың 13 – 24 ақпан аралығында Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Үнді елінің студенттеріне арналған “Қазақстан және араб елдері: мәдени-тарихи байланысы” атты тақырыпта қысқы мектеп ұйымдастырылды. Аталған курсқа Үнді елінің Висва-Бхарати, Калькутта, Кашмир және басқа университеттің студенттері қатысты.

Араб тілінде ұйымдастырылған бұл дәрістерді кафедраның араб бөлімінің  оқытушылары (Ф.Мамедова, А.Хаван, Н.Кайранбаев, А.Жумадилова) “Қазақ және араб тілдері мен мәдениеті арасындағы байланысы”, “Қазіргі қазақ және араб әдебиетінің үндестігі мен ортақ тенденциялары”, “ҚазҰУ-нің тарихымен танысу” және басқа да өзекті тақырыптар бойынша жүргізді.

Қысқы мектеп курсы онлайн форматында өткізіліп, соңында сертификаттар берілді.

Басылым күні :  26.02.2023