Талғар ауданының мектеп оқушыларымен кездесу

Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» жобасының негізінде 14 ақпан 2023 жылы Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен студенттерінен құралған топ кәсіби бағдар жұмысының жоспарына сәйкес Алматы облысы, Талғар ауданы, Талдыбұлақ ауылындағы №34 және №35 мектептерінің және Қызыл-қайрат ауылындағы №19 мектебінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Алғашқы кіріспе сөз кафедра меңгерушісінің орынбасары Ф.Т.Жұмажановаға берілді. Араб, парсы және хинди бөлімінің студенттері мен магистранттары оқитын тілдерінде өлең оқып, кездесудің көркін кіргізді. Кафедра оқытушылары З.Е.Искакова, Ғ.А.Қамбарбекова, Б.С. Бокулева шығыстану ғылымының қалыптасу тарихы, даму эволюциясы мен қазіргі ахуалы, даму болашағы сияқты мәселелер жөнінде оқушыларға қызықты дәріс оқыды. Үш мектептің де оқушылары тарабынан шығыстану мамандығына байланысты көптеген сұрақтар қойылды. Қызықты сұрақтар қойып, белсенділік танытқан оқушыларға факультет студенттерінің аударма жинақтары тарту етілді.

Мектептердің әкімшілік өкілдері жас ұрпақтың рухани және зияткерлік дамуына үлес қосықандары үшін, болашақ мамандықтарына кәсіби бағыт-бағдар бергендері үшін факультет оқытушыларына алғыс айтты.

Басылым күні :  15.02.2023