Факультет оқытушылары Фараби жұмыс тобының кездесуіне қатысты

 

13-қаңтарда Иранның Сыртқы істер министрлігінің аға сарапшысы, Фараби жұмыс тобының жетекшісі Муджани Қуми мен Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Мохсен Фағани әл-Фараби кітапханасында шығыстану және философия және саясаттану факультеті оқытушыларынан және әл-Фараби орталығының ғылыми қызметкерлерінен құралған Фараби жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында болашақта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Кездесудің алдында әл-Фараби музейіне, әл-Фараби орталығына және академик Ә.Б. Дербісәлі атындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорына, сондай-ақ, «әл-Фараби мұрасы» атты кітап көрмесіне  экскурсия жасалды.

Басылым күні :  02.02.2023