Шығыстану факультетінің урду бөлімі Мухаммад Али Джинна орталығында Пәкістандық студенттермен бірге тіл үйрену клубын ашты

 

Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (сапалы білім айдары) жобасының негізінде ҚазҰУ-дың медицина факультетінде білім алып жатқан пәкістандық студенттерді Мухаммад Али Джинна орталығымен таныстырып, урду бөлімінің студентерімен бірлескен «Quasar Urdu Society» тілдік клубы ашылды. «Quasar Urdu Society»  қазақ тілінде «Жарыққа толы урду қауымы» дегенді білдіреді. «Quasar» - бұл ғаламдағы сәуле шығарудан өте қуатты нысан. Клуб қуатты ұйым болу ниетімен осындай атауға ие болды.
 Клубта урду бөлімінің студенттері пәкістандық студенттерге урду тілінде қазақ тілі, мәдениеті, тарихына қатысты әртүрлі іс-шаралар өткізеді. Сондай-ақ алдағы уақытта пәкістандық студенттермен мәдениет, әдебиет жайында ой алмасу мақсатында пікірталастар болады.

Басылым күні :  01.02.2023