ҰЛЫБРИТАНИЯ КІТАПХАНАСЫНДА ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

 

Әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, видеоақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған Британия кітапханасында 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар үлкен кітапхана. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар беретін Ұлыбритания кітапханасында Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұстаздары З.Е.Искакова және Д.М.Кокеева 2022 жылдың жетоқсан айы және 2023 жылдың қаңтар айы аралығында Ұлыбритания кітапханасында ҚР БжҒМ ҒК тарапынан қаржыландырылған AP09260492 жобасы аясында ғылыми зерттеу жұмыстар жүргізіп келді. Ұлыбритания кітапханасының Азия және Африка зерттеулерінің анықтамалық қызметтері тобының басшысы Саттон Хедлей мырзаның жылы қабылдауында болып, аталмыш бөлімдегі шығыс елдерінің, оның ішінде үнді және түркілік танымдағы діни-философиялық синкретизм бағытындағы тың материалдаға қол жеткізген. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі отандық ғылымға өзіндік үлесін қосады деген үміттеміз.

 

Басылым күні :  16.01.2023