Ыстамбұл қолжазба қорларына ғылыми іссапар

2022 жыл желтоқсан айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы Ғалия Әмзеқызы Қамбарбекова Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі Ғылым комитетінің (№BR10965240 гранты) қаржыландыруымен жүзеге асырылған «Алтын Орданың этнополитикалық тарихын зерттеу және жаңа дереккөздерді аудару» атты жоба аясында Түркия Республикасы Ыстамбұл қаласындағы кітапхана қорларына барып, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты қолжазбалармен жұмыс істеп қайтты.

Іссапар барысында Түркия Республикасы Ыстамбұл қаласындағы қолжазба қорының санымен әрі құндылығымен танымал кітапханалардың бірі Сулеймание кітапханасы, Баязид, Ата Түрік және Ыстамбұл университеті ректораты, кітапхана және құжаттама департаменті, сирек кездесетін кітаптар кітапханасында жұмыс істеп еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысты парсы тіліндегі қолжазбаларды анықтап, қажетті қолжазбалардың көшірмелерін дайындады. Сонымен қатар іссапар барысында Ислам тарихы, өнер және мәдениет ғылыми-зерттеу орталығында (IRCICA) жұмыс істейтін отандық белгілі ғалым, шығыстанушы, т.ғ.д,. профессор Ә.Қ. Муминовпен кездесіп, осы орталықтың жаңа басылымдары мен алдағы жылға жоспарланған бағдарламаларымен танысты.

 

Басылым күні :  21.12.2022